Өзен кен орнында оқыс оқиға болды.
Өзен кен орнында жұмысшы қаза тапты
776
оқылды

«Өзенмұнайсервис» Өзен кен орнында болған жазатайым оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болды. Мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы қаза тапты. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспекциясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында. 

Басты міндет – өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігі мен амандығы. Барлық персонал еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша тиісті оқудан өтіп, олардың білімі үнемі тексерілетінін атап өткен жөн. 

Қазір жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетеді.