Облыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы
5,407
оқылды

Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне  қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды. Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың сомасы 530 млн теңгені құраған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды»,  делінген Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.