"Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Жәнібектің анасына қатысты жайтты анықтау үшін Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған.
"Баланы орталықтардың көмегінсіз, жеке асырап алған": анасын іздеген Жәнібек туралы тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден
2,747
оқылды

Бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан Савельевтің  Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист  Қымбат Досжан тың деректі жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

"Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Жәнібектің анасына қатысты жайтты анықтау үшін Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған.

"Хаттағы маңызды 2 сауалдың бірі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншектің есебі неге түгел емес?". Екіншісі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншек бірнеше рет медициналық емдеу мекемесіне жатқызылған. Сол жылдары Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баланың жағдайынан хабардар болған ба? Егер мемлекеттік органдар хабардар болса, қандай шешім қабылданды?" деп жазды журналист.

Бұл хатқа Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елші Марғұлан Баймұханнан жауап келген.

"Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі болатын. Өйткені  Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда, тіпті Испанияға кетіп қалған. Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген болатын. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болды. Сондай-ақ осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадамдар жасауға құқы жоқ дегендей жауап алдық",  дейді Қымбат Досжан.