Алдағы уақытта бөлінетін төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады.
Ұлттық қордан балаларға түсетін төлем көлемі ұлғаяды – Ерлан Қарин
Фото: baigenews.kz
5,418
оқылды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы уақытта «Ұлттық қор  балаларға» жобасы аясында жасалатын төлем көлемі ұлғаятынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі  «Ұлттық қор  балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есепшотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді. Алдағы уақытта бөлінетін төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады»,  деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдағанын мәлімдеді. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын.