Атырауда жол қозғалысы шектеліп жатыр

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 1 ақпан сағат 21:20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды.

Облыстық Атырау-Индер тас жолының 17-64 шақырымы аралығы, Атырау қаласынан Махамбет ауданы Ортақшыл селосына дейінгі аралықта көлік құралдарының барлық түріне шектеу қойылды. 

«Облыс аумағында көктайғақтың болуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», – делінген хабарламада.

Баян Жанұзақова