Ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Ақтөбеде 17 жастағы қыз жоғалып кетті
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
2,152
оқылды

Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қыз бала 1 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақтөбе облысы Полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеуде, ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған", – деп жазылған хабарламада.

Жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі – арық, шашы – ұзын қара, көзі үлкен, ерні қалың, қасы доға тәрізді қалың. Үстіне қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік киген. Ерекше белгілері жоқ.

Қандай да бір ақпарат болса азаматтар 102 немесе 8776-546-66-66 телефондарына хабарласуы керек.