Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген мәлімдеді.
«Ауыр диагноз қойылған баласы бар»: Бейбіт Қорған атыраулық әйелдің сөзінен кейін ДНҚ тапсырды
32,702
оқылды

Атыраулық Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан балаcы бар екенін айтқан соң әнші ДНҚ тапсыруға мәжбүр болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген мәлімдеді.

«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры», – дейді ол.

Дина Төлепбергеннің айтуынша, нәтижесін сот бір айдан кейін жариялайды.