ПІБ Орталық клиникалық аурухана­сында ишемиялық және геморрагиялық инсультке диагностика жасай­тын нейро­радио­логия саласындағы Cerebra жасанды интел­лект қол­данысқа енгі­зілді.
Жасанды интеллект инсультті анықтайды
907
оқылды

Медициналық жасанды интел­лект бойынша әлем­дегі ең инно­вация­лық он жобаның қатарына жата­тын бағдарламаны отандық мамандар жасаған.  

Дәрігерлерге жаңа бағдарламаны Cerebra командасы таныстырды. Қанатқақты жобаның медициналық директоры Меруерт Сайфуллақызы жасанды интеллект арқылы 5-10 минут ішінде инсульттің бар-жоғын анықтап, мидағы өзгерістерді ав­то­матты түрде көруге болатынын айтады. Соның арқасында невро­логиялық дерттің асқынып кету қаупі айтарлықтай төмендейді. Бұл технология тез арада диагноз қойып, емдеуді мүмкіндігінше ерте бастап кетуге жол ашпақ.

– Бұл жоба 2018 жылы жасанды интеллект зертханасында қолға алынды. Содан бері 40-қа жуық маман жұмыс істеп, 100 мың дерек негізінде инсультті тез әрі дәл анықтауға нейрондық желілерді үйретті. Бағдарлама үнемі жаңа деректермен жаңарып отырады. Біз елорда мен Алматыдағы маман­дандырылған орталықтарға ғана емес, бүкіл елдегі ауруханаларға арналған бағдарлама әзірлеуге маңыз бердік. Бүгінде Қазақстан бойынша 1000-нан астам пациент осы бағдарлама арқылы зерттеуден өтті, – дейді Меруерт Сайфулла­қызы.

Жаңа технология арқылы зерт­теу кезінде түсірілген кескіндердің нәтижесі дәрігерлердің смартфо­нына орнатылған мобильді қосым­шаға келіп түседі. Қолдануға ың­­ғай­лы қосымша Қазақстанда ғана емес, шетелдік медицина мекемелерінде енгізіле бастаған.