Ол Көкшетаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында сүндетке отырғызылған.
Көкшетауда 10 жасар бала сүндеттелген соң қаза тапты
1,059
оқылды

Ақмола облысы Аққұдық аулында тұратын 10 жасар бала 31 қаңтарда ауыр жағдайда жеткізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Екі күн бұрын дәл осы ауруханада оған анестезия арқылы сүндет жасалған.

"Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толығымен көрсетілді. Ауыруды басатын дәріден анафилактикалық шок болуы мүмкін. Реанимациялық шаралар қабылданғанымен, әсері болмады. 31 қаңтар күні сағат 18:20-да бала көз жұмды", – деп мәлімдеді аурухана өкілдері. 

Баланың өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.