24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады.
ҰҚК Қарағанды облысында есірткі өндіре бастаған зертхананы анықтады
589
оқылды

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналасқан синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осылайша, 24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады.

"Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 келіден астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетін болдырмады", – деп жазды ведомстводан.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.