Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Атыраудағы колонияда ет ішіне есірткі жасырғандар ұсталды
797
оқылды

Атыраудағы №15 колонияға әлдебіреулер еттің ішіне жасырылған 87 таблетка психотроптық препаратты өткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлер колониясы жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермахановтың хабарлауынша, тыйым салынған заттар 29 қаңтарда №5546 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, ҚАЖД №15 мекемесінің жедел қызметкерлері тексерген кезде «Еңбек Батыс» РМК-ға тиесілі «ГАЗель» маркалы көлігінен табылған.

ATYRAU ONLINE арнасының жазуынша, көлік жабық мекемеге азық-түлік әкелген. Тексеру кезінде жасырылған түйіншек табылды. Онда психотроптық дәрі-дәрмектердің екі құтысы (87 трамадол таблеткасы) болды, – делінген ақпаратта.