Тосын оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында орын алған.
Төбелескен: БҚО-да ер адамның денесі өзінің үйінен табылды
977
оқылды

Полиция таратқан дерекке қарағанда, шамамен сағат 9.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жасалған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын ұсталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішіп отырып ер адамдар арасында жанжал шыққан. Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.