Түркістан облысында ауылда дағдарыс орталықтары ашылады.
Ауылдарда дағдарыс орталығы ашылады
823
оқылды

Бұл туралы Түркістанда өткен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі бірінші Республикалық форумда уағдаласты. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

«Бақытты отбасы – болашақтың кепілі» атты республикалық форум өтті. Мұндай іс-шара алғаш рет өтіп отыр. Оған облыс әкімі, полиция қызметкерлері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, әртістер, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Түркістан тұрғындары мен есепте тұрған отбасылар қатысты.

Олардың барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы айтты. Мүдделі органдар облыстың 17 ауданы мен қалаларында дағдарыс орталықтарын салуға, алкогольден бас тартып, нәтижесінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдардың санын көбейтуге, сондай-ақ түрлі алдын алу шараларын күшейтуге келісті.

Бұған дейін Дағдарыс орталығындағы ахуал туралы жазған болатынбыз.