Ол сот қаулысы шығарылғанға дейін жұмыстан босатылған.
Бұланды ауданында полиция бөлімі бастығының экс-орынбасары қамалды 
931
оқылды

Ақмола облысының Бұланды ауданында экс-полиция бастығының орынбасары қамауға алынды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Соттың қаулысымен Бұланды аудандық полициясының бұрынғы басшысы Д.-ға қатысты «Қамауға алу» түріндегі жаза екі айға бекітілген. 

– Бұланды аудандық полиция бөлімінің бұрынғы бастығының орынбасары Д. меншікке қарсы ауыр алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімінің 2-тармағы) қылмысын жасады деген күдікке ілініп отыр, – деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

Полицияның мәліметінше, ол сот қаулысы шығарылғанға дейін жұмыстан босатылған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы