Әнші ДНҚ сараптамасын тапсырып, өнердегі әріптестері осы жағдайға байланысты пікір білдірді.
Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты: жағдайға әншілер пікір білдірді
Фото: 1show.kz
3,895
оқылды

Былтыр қараша айында атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтқан болатын. Ал бірнеше күн бұрын әнші ДНҚ сараптамасын тапсырып, өнердегі әріптестері осы жағдайға байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл жайлы Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Бейбіттің болжамды баласы не болды? «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс. Ал әнші әріптестері Бейбіт Қорғанның әрекетінен қателік көріп тұрған жоқ секілді", – деген болатын Дина Төлепберген.

Әншінің өнердегі әріптестері Жеңіс Ысқақова мен Абай Бегей жағдайға байланысты пікір білдірген.

«Оған үйленбейтінін біле тұра, баланы өмірге әкелген екен. Қолыңмен істедің бе, басыңмен көтер. Талантты, жақсы жігіттен туған екенсің. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болатын еді», – деді Жеңіс Ысқақова.

Ал әнші Абай Бегей бірнеше жылдан кейін келіп, жала жабатындардың көп екенін айтты.

«4-5 жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой», – деп пікір білдірді Абай Бегей.

Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. Әйел төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді екенін жеткізген болатын. Алайда Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартқан болатын.

«Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі «Менен балалы болдым десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын», – деп жауап берген еді Бейбіт Қорған.