Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды.
Президент Үкіметті отставкаға жіберді
Фото: egemen.kz
1,081
оқылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", – делінген Жарлықта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.