«Қазавтожолдың» мәліметінше, бүгін сағат 18.20-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Алты аймақта республикалық маңызы бар жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
649
оқылды

Ақмола облысында – 4 учаске 

1. «Екатеринбург-Алматы» 856-917 км, СҚО шек. – Жақсы а. – 61 км. 

2. «Жезқазған-Петропавл» 553-595 км, Сұрған к. – СҚО шек. – 42 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты). 

3. «Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск қ. – Зеренді а. – 77 км.

4. «Астана-Петропавл» 18-232 км, Астана қ. – Щучинск қ. – 214 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Ақтөбе облысында – 2 учаске 

  1. «Самара-Шымкент» 776-842 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Хромтау қ. – 66 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады
  2. «Самара-Шымкент» 842-965 км, Хромтау қ. – Қарабұтақ к. – 123 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Жетісу облысында – 1 учаске 

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Қостанай облысында – 4 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

2. «Екатеринбург-Алматы» 686-729 км, Сарыкөл к. – СҚО шек. – 43 км. (қар, жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

3. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-218 км, Әулиекөл к. – Октябрьское а. – 110 км. 

4. «Екатеринбург-Алматы» 589-686 км, Щербаково к. – Сарыкөл к. – 97 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, бұрқасын, ектеулі көрініс) 

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске 

1. «Екатеринбург-Алматы» 729-856 км, Қостанай обл. шек. – Ақмола обл. шек. – 127 км.

2. «Жезқазған-Петропавл» 595-882 км, Ақмола обл. шек. – Явленка а. – 287 км. 3. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка а. – Тимирязево а. – 119 км. 

4. «Тимирязево-Сарыкөл-облыстың шекарасына дейін» 0-31 км, Тимирязево а. -облыстың шекарасына дейін – 31 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Ұлытау облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 673 бірлік техника және 1285 жұмысшы жұмылдырылды.