Екібастұз қаласында әйгілі халық геологі, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді.
«Қосымның тағдыры» – жаңа жинақ
626
оқылды

Повестік кітаптың авторы – баян­ауылдық өлкетанушы Алек­сан­др Черкашин. Кітаптың қол­жаз­басы 1972 жылы Баянауыл кен­­тінде баспа машинкасына түсі­ріл­ген. Бұл кітаптың жазылуына академик Қаныш  Сәтбаев түрткі болған. Қолжазба күйінде ҚазКСР Жазушылар одағының көркемдік кеңесіне жіберіліп, белгілі себеп­тер­мен кейін қайтарылған. Повесть араға жарты ғасырдан астам уақыт салып оқырманға алғаш рет жол тартып отыр.

Туынды Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйытқы болуы­мен қазақ және орыс тіл­дерінде жарық көріп отыр.

Повесть Торайғыров универ­ситетінің және Баянауылдағы «Әнет» шаруа қожалығының демеушілігімен қазақ және орыс тілдерінде «Парасат» баспахана­сында басылып шықты.