International Woman's Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдерді атап өтті.
Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді
459
оқылды

 Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тең басшысы вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне кірді.

Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (SputnikV), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнеке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) пандемиямен күреске айтарлықтай үлес қосқан.

Қазақстанда әзірленген QazVac (QazCovid-in) вакцинасы тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған вакцина. Қазақстандық вакцинаны әзірлеу технологиясы уақытпен сыналған, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде мақұлданған. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары.

Күнсұлу Закария – биологиялық қауіпсіздік саласындағы беделді ғалым. Оның ғылыми-зерттеулерінің негізгі нәтижелері Lancet-тен EClinicalMedicine, Frontiers in Microbiology, Infectious Diseases of Poverty, Veterinary Microbiology, Tropical Animal Health and Production, Plant Protection Science және т.б. жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар ретінде жарияланды. Ол сонымен қатар көптеген ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, патенттердің және профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттардың авторы. «Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. Мемлекеттік ғылыми мекемелерде басшылық қызметтер атқарды. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.