Жалған хабар таратқан 11 жастағы үш оқушы анықталды.
Астанада жалған ақпарат таратқан оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды
660
оқылды

Астанада терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

5 ақпан күні Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама түскен. Қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Артынша жалған ақпарат таратқан 11 жастағы үш оқушы анықталды. Аталған факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

– Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, – делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.