Депутат Бауыржан Смағұлов бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы жайлы сөз қозғап, алдағы кезеңге белгілеген міндеттер жайында пікірін білдірді.
Бауыржан Смағұлов: Президенттің өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығы туралы ұсынысын қолдаймын
www.parlam.kz
1,124
оқылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленді.
Атап айтсақ, Президент соңғы бес жылда бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кеткендіктен, бюджеттік және салықтық тиімділікті жақсарту қажеттігін айтты. Өткен жылғы кірістер жоспарын орындаудағы проблемалар бизнестен айналым қаражатын алу есебінен шешілетіндігі туралы, бюджетті тиімсіз бөлу экономикалық белсенділікті ынталандырмайтындығы, сонымен қатар жаңа Салық кодексін әзірлеу қажеттігін қозғады. Дегенмен салықтың мөлшерлемесінің өсуіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Ол теңдестірілген тәсіл, салық жинау жүйесін күшейту және көлеңкелі экономикамен күресу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ Президент IT саласын дамыту, құрылыс, энергетика, ТКШ, әлеуметтік, экология және көгалдандыру және ел үшін басқа да маңызды салаларды қозғады. Әсіресе, Президенттің өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығы туралы ұсынысты қолдағым келеді. Бұл біздің экономикамыздың да, тұтастай алғанда бүкіл елдің дамуына жақсы серпін бере алады, – дейді ол.