Лондон Империал колледжінің мамандары жүргізген жаңа зерттеуге сәйкес, кофе салмақ жоғалтуға және 2 типті қант диабетінің даму қаупін азайтуға әсер етеді.
Кофе ішіп, арықтауға бола ма?
Фото: pexels.com
1,799
оқылды

«Нәтиже кофеиннің майлануға – артық май тініне қалай әсер ететіні туралы маңызды түсінік береді», – деп атап өтті  зерттеу авторы доктор Дипендер Гилл.

Тәжірибе көрсеткендей, қанында кофеин деңгейі жоғары адамдардың 2 типті қант диабетіне шалдығу ықтималдығы аз.

Кофеиннің салмақ жоғалтумен қоса, қант диабеті қаупін азайтуға әсері де зерттелген. Зерттеуге қатысқандардың жартысына жуығы (43%) кофенің әсерінен салмақ жоғалтқан.

Қуат беретін сусынды қауіпсіз түрде тұтыну салмақты тұрақты ұстауға көмектеседі. Ал қандағы қант деңгейі жоғары адамдар қосымша екі шыныаяқ ішу арқылы аурудың даму қаупін азайтады.

Императорлық колледждің алдыңғы зерттеулері күніне үш-бес кесе ішу денеге пайдалы болатынын көрсеткен. Бұл жағдайда кофеиннің дозасы шамамен 70-150 мг (бір шыныаяқ) болады. Осылайша, қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының өршу қаупі төмендейді.