Бангкокта өткен оқушылар арасындағы су спорты түрлерінен Азия чемпионатының жүлдегерлері елге оралды. Азия аймағының барлық елдерінің спортшылары бақ сынаған чемпионатта жүзуден Қазақстан атынан 22 жас спортшы қатысып, ел намысын қорғады.
Бангкоктан жеңіспен оралды
фото: 24.kz
1,196
оқылды

Олар 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. 

– Ауа райының ыстықтығы ба­ла­лар үшін қолайсыздық тудырды. Жарыс таңғы 7-де басталып, кешкі 9-да аяқталды. Балалар күніне не­бәрі 5-6 сағат ұйықтады. Қиындық­тарға қарамастан жарыс өте сәтті өтті. Спортшыларымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, – деді жаттықтырушы Ольга Румынская.

– Алғашында қатты алаңдадық, себебі бұл біздің командамыз үшін ал­ғашқы халықаралық жарыс бол­ды. Бірақ бәрі сәтті өтті. Қазақстан атынан қатысып, елімізді таныт­қанымызға қуанышымыз шексіз, – дейді жүлдегер Райымбек Дау­баев.