8-9 ақпан тәулік бойы, кейде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Астана қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады
597
оқылды

Астана қалалық ТЖД «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес 7 ақпанда кешке және 8-9 ақпан күндері қала аумағында қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға ескерту жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.  

8-9 ақпан тәулік бойы, кейде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оқыс жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, қырағы болуға, енгізілген шектеулерге көңіл бөлу керек екенін ескертті.

Құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау, мүмкіндігінше құрылыс нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет.

- Боран кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан тоқты суырып қойыңыз. Сондай-ақ жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алысырақ қойып, терезелерді қатты жабу қажет, – дейді елордалық ТЖД.

Боран кезіндегі іс-әрекеттер:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:

  • Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.
  • Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.
  • Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:

  • Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.
  • Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.
  • Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;
  • Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты (капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Көктайғақ кезінде құлау ықтималдығын азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  • биік өкшелерден бас тартып, жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
  • жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
  • көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
  • мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
  • аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;
  • Есіңізде болсын, әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, басыңыздан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.