Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.
– Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.