Бүгін ауа райы қандай болады?
Қар жауып, жел күшейеді: 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: tengrinews.kz
4,123
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады, дауыл соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел тұрады.