Техногендік сипаттағы топырақ батпаққа айналып, жылжып кеткен.
Алматыда лай көшкіні тұрғын үйді басып қалды
989
оқылды

Алматыда тау бөктерінде лай көшкіні болып, екі үйді басып қалды. Жер үйдің ішінде төрт адам басылып қалған деген болжам бар,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында қалғандардың екеуі ересек, екеуі бала. Барлығы бір отбасының адамдары.

Қалалық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласында 8 ақпанда сағат 02.20-да Медеу ауданында «Тау-Самал» шағынауданында топырақ көшкіні болды. Алдын ала ақпарат бойынша, техногендік сипаттағы топырақ батпаққа айналып, жылжып кеткен.

Оқиға орнына дереу «Қазселденқорғаудың», Алматы қалалық «109» құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Екі үйге зақым келгені анықталды.

«Техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3 200 текше метр болатын жылжыма түсті. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған»,  делінген ТЖД хабарламасында.