12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1 023 жол маманы жұмылдырылды.

8 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді.

Ақмола облысында – 14 учаске

Ақтөбе облысында – 16 учаске

Атырау облысында – 2 учаске

Жамбыл облысында – 4 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында – 10 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Түркістан облысында – 1 учаске

Ұлытау облысында – 2 учаске

«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1 023 жол маманы жұмылдырылды», делінген хабарламада.