Елордада жол ортасында жеңіл автокөлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Көлік жүргізушісі әуежай жағынан Ә.Кекілбаев көшесінің қиылысында келе жатып, алдынан тоқтаған көлікпен соқтығыспау үшін рульді күрт бұрған. Салдарынан көлік аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ақпаратта.
Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда мұқият болуды, жылдамдық пен арақашықтық режимін қатаң сақтауды ескертеді.