Төрт мыңға жуық науқас орган алмастыруды күтіп отыр.
Төрт мыңға жуық науқас ағза ауыстыруды күтіп жүр – министр
Фото: stopfake.kz
1,268
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірінші трансплантология проблемаларын қолға алатынын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту керек. Бұл бағыт неғұрлым күшті болса, аурушаңдық пен өлім-жітім азаяды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Қазір қаралуы тиіс біраз мәселе бар. Осыған дейін біз Сенат комитетінде трансплантология проблемаларын көтерген едік. Сондықтан бұл саладағы мәселені шұғыл шешу керек. Себебі 4 мыңға жуық науқас орган алмастыруды күтіп отыр. Елімізде ағза донорлығы тиісті деңгейге жете алмай отыр. Екінші жағынан медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту ескерілген», – деді.

Бұған дейін  4 мың адам трансплантацияға зәру екенін жазған болатынбыз.