ТЖД қызметкерлері автокөлікпен алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Ақмола облысында боранды күні жолда қалған 26 адам құтқарылды
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
639
оқылды

Ақмола облысында боранды күні жолда қалған 26 адам құтқарылды. Оның үшеуі ресейлік, біреуі бала және бір жүкті әйел, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүкті әйел Ерейментау ауданының тұрғыны. Жүктіліктің 39 аптасындағы әйел ауруханаға бара жатқан. Құтқарушылар акушерлермен бірге әйелді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер әйелдің жағдайы тұрақты екенін айтты.

Одан бөлек, Жарқайың ауданында қар құрсауында қалған екі «КамАЗ» жүк көлігінде болған 3 жүргізушіге Қостанай облысының құтқарушылары көмекке келді. Жүк көліктерінде 100 бас қой тиелген. Жүргізушілер Жарқайың ауданындағы жылыту орына жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ал, жануарларға шөп жеткізілді.

«Құтқару жұмыстары барысында бір тәуліктің ішінде боранда жолда қалған 26 адам құтқарылды, оның үшеуі ресейлік, біреуі бала және бір жүкті әйел», – деді ведомстводан.

ТЖД қызметкерлері ақмолалықтарға дауылды ескертулерге назар аударып, автокөлікпен алыс жолға шықпауға кеңес береді.