Бұл туралы өнер иесі "Мақсатына жеткендер" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Аяқкиімімнің өкшесін қағып берді": Гүлнәр Сиқымбаева алғаш рет кімге тұрмысқа шыққанын айтты
3,351
оқылды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаева алғаш рет күйеуімен қалай танысқанын айтып, оның басқа ұл өкілі екенін жасырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы өнер иесі "Мақсатына жеткендер" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Ащы болса да ауыр. Ол кісімен мен 38 жыл өмір сүрдім. Ауыр дейтін себебім - басқа ұлттан болған еді. Славян халқынан болды. Өзіме өте жайлы болды. Біз "Гүлдер" ансамблінде таныстық. Ол жарық қоюшы, дыбыс қоятын маман болды. Өзімнің де салмағым ауыр еді. Бір күні тура концертке шығайын деп тұрғанда, туфлиімнің өкшесі түсіп қалды. Алдымен асатаяқпен бишілер шығатын, сосын Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ән айтатын, кейін мен шығуым керек еді. Киініп жатқанда өкшем сынды да қалды. Концерт кезінде бір аппаратура бұзылып, сол жігіттің балғамен ұрып жатқанын көргенмін. Сахнаның сыртынан сол жаққа қарай жүгірдім. Тағдыр шығар. Қолындағы балғасымен тарс-тарс қағып жіберді. Мені хабарлап жатыр. Содан сахнаға шықтым. Сондай жерден мені алып шыққан адамға рақметімді айтып, қалай шайға шақырмаймын деп ойладым. Ол маған бір тал гүл сыйлады. Содан жарасып кеттік. Сол жігітке тұрмысқа шықтым. Ол сияқты қазақтың бір жігіті қараған емес. Ол менің өнерімді қолдады. Шаршап келдің деп, аяғымды жылы суға салатын. Гастрольден келгенде қамыр жайып, ет асып отыратын. Қазақтың жігіті маған олай қараған емес. 38 жыл бірге өмір кештік. Марқұм жолдасым туралы өткен шақта айту өте қиын", – дейді өнер иесі.

Өнер иесінің айтуынша, ата-анасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына қарсы болған. 

"Қиын болды. Әкем өте қатты қарсы болды. 5 жыл бойы бір-бірімізді көрмедік. Мүлдем хабарласпай қойды. Жалғыз енем болды. Менің қазағым олай қабылдай алмайды. Маған картоп тазалатып, тамақ істетпейтін. Шешесі мен әпкесі ғана болды. Бірақ жолдасым ұлымды сүндеттегенде қатты ренжіді. Мұсылман болғанына ренжіген жоқ, баланы текке қинадық деген еді", – деді әнші.