Жасөспірімдер тұратын үйден олардың анасы мен өгей әкесінің де денесі табылды.
Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен мектебі қоштасты
Фото: qumash_kz
1,507
оқылды

Ертең марқұмдарды ақтық сапарға шығару рәсімі өтеді. Бүгін Алматыға егіздердің үлкен ағасы Дмитрий Шин ұшып келуі тиіс. 20 жастағы жас жігіт бір күнде отбасынан айырылып отыр. Ол өзінің туған (биологиялық) әкесімен Мәскеуде бірге тұрады әрі сонда оқиды.

Бұл туралы Aikyn.kz qumash.kz телеграмм арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Егіздер Денис Шин мен Сергей Шин кеше Тау Самал ықшамауданындағы лай көшкіні кезінде қаза тапты. Жасөспірімдер тұратын үйден олардың анасы мен өгей әкесінің де денесі табылды.

"Денис пен Сергей – біздің мектептің оқушылары, сыныптастарымыз, достарымыз! Сендерді танитын әрбір адам үшін бұл қайғыны айтып жеткізу қиын. Сендер туралы естелік біздің жүрегімізде сақталады", – делінген жазбада.