Ақмола облысында қонақ үй ауласында суицид жасаған 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Бурабайдағы қонақ үй ауласында ер адам өзіне қол жұмсады
GOV.KZ
648
оқылды

Өңірдегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпанда Бурабай аудандық полиция бөліміне Щучье қаласының 56 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеу баласын іздеуге көмек сұраған, деп жазады Aikyn.kz.

Жоғалған адамды іздеуге Бурабай ауданы мен облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сонымен бірге, оның таныстары мен жақындары сұралды. Ер адамның құмар ойындары мен ставкаға әуестігі анықталды. 

«Бір тәулік өткен соң полиция ер адамның денесін жергілікті қонақ үйлердің бірінің аумағында асылып тұрған жерінен тапты. Қазіргі кезде, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ведомстводан.