Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.
Қазақстан азаматы Еуроодақ елдеріне балық тасымалдаған
Егемен Қазақстан
373
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті аса ірі көлемде балық өнімдерін экономикалық контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған.", - делінген ҚМА баспасөз қызметі мәліметінде.

Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.