Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертіп, дауылды ескертулерге назар аударуға және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуға шақырды.
Түркістан облысында жоғалып кеткен тұрғындар 2 күннен бері іздестіріліп жатыр
Түркістан облысының ТЖД
506
оқылды

Түркістан облысында боран кезінде жоғалып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған адамдардың туыстарының айтуынша, олар Түркістан облысы Түлкібас ауданы Керейіт ауылының маңында жоғалған малды іздеуге кеткен. Алайда қатты жел мен тұман болып, салдарынан ауыл тұрғындары өздері адасып кеткен.

Жоғалған ер адамдар туралы өтініш 7 ақпанда түскен. Ауыл тұрғындарын іздеуге Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған: 30 адам, техника, екі дрон. Сондай-ақ, жоғалған адамдарды іздеуге 20 жуық жергілікті тұрғындар қосылды.