Қазақ ұлттық хореография академиясында «Жошы хан» тарихи драмасының қоюшы-режиссері Болат Ұзақовпен және спектакльде басты рөл­дерді сомдаған Қалибек Қуа­нышбаев атындағы Мемле­кеттік музыкалық-драма теа­трының әртістерімен кездесу өтті.
Жылы шырайлы кездесу
950
оқылды

Қоюшы-режиссер Болат Ұза­қовтың айтуынша, қойылым па­триот­тық сипатқа ие. 

«Біз ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызды айтып қана қоймай, осыны сахна арқылы жас ұрпаққа жеткізгіміз келеді. Қазақ тарихы Жошы ұлысының құрылуынан бас­талуы керек. Қойылымда өткен жылдар даналығын арқау еткен қызықты сәттер көп», – дейді Б.Ұза­қов.

Режиссер «Шыңғыс хан ордасы» және «Қазақ Ордасы» атты екі бө­лім­нен тұратын спектакль жайына кеңінен тоқталды. Актерлар спек­такльдегі кейіпкерлер мен кейіпкер рөлін сомдауда қандай қиындықтар­ға тап болғаны туралы толығырақ айтып берді. Айта кетейік, «Жошы хан» тарихи драмасын қою кезінде сахнада 3D технологиялары қол­данылған. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.