Оларға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен "Кажсервис" ЖШС техникасы көмектесті.
ШҚО-да қар құрсауында қалған автобустың 23 жолаушысы құтқарылды
711
оқылды

9 ақпанда "Өскемен-Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолында Новосибирск қаласынан Өскеменге баратын жолаушылар автобусы ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен боранға байланысты қар құрсауында қалып қойған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5 бала. Жол қызметтерінің техникасы жолды тазалап жатқанда, құтқарушылар қолдарына күрек алып көмектесті, ал адамдар автобуста күтті. Содан кейін ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барлық жолаушыларды жол талғамайтын көлікпен эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Құтқарушылар тұрғындардан қолайсыз ауа райында елді мекендерінен шығып, өміріне қауіп төндірмеуін ескертті.