Аймақта табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері ірі партияны тәркілеп үлгерген.
Түркістан облысында үш браконьер іздестіріліп жатыр
1,109
оқылды

Түркістан облысының прокуратурасы Шардара ауданында браконьерлер электр қуатының көмегімен ірі көлемде балық аулағанын анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірдің мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері ірі партияны тәркілеп үлгерді.

Төрт браконьердің жұмыс істегені белгілі, біреуі ұсталды, ал үшеуін іздеу жалғасуда.

«Қазір шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде, заттай дәлелдемелер анықталды. Нива көлігі табылды, үш қап (200 келіден астам) әртүрлі балық түрлері тәркіленді. Ұсталғандарда қайық болды және заңсыз тіркелмеген 3 электр құрылғысы алынды», - деп хабарлады прокуратура.