Жол-көлік оқиғасы 9 ақпан күні сағат 21.30-да Магнитогорская көшесінде болған.
Қарағандыда шағын автобус екі адамды қағып кетті
626
оқылды

66 жастағы Mercedes маркалы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан ер мен әйелді қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаяу жүргіншілердің екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", – деп жазды жергілікті полициядан.

Соңғы уақытта Қарағандыда жаяу жүргіншілерге қатысты жол апаты жиілеген. Мәселен, осы оқиғадан бір күн бұрын Магнитогорская көшесінде жаяу жүргіншілер жолында 71 жастағы зейнеткер де осындай оқиғаға тап болған еді. Ал 6 ақпанда 12 жасар оқушы көз жұмды.