Халық қалаулысы әлеуметтік желіде өзін белгілеп, жанайқайын жазатын мұғалімдердің көп екенін айтты.
"Аятжан Ахметжанды қудалауды тоқтатыңыз!". Депутат министрге талап қойды
Казахстанская правда
1,237
оқылды

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сауал жолдап, өз пікірі бар ұстаздарды қудалауды тоқтатуды талап етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мәселен, Батыс Қазақстанда Тілекқабыл Нұрышев, Оңтүстікте Өмір Шыныбек секілді мұғалімдер бар. Оларды сотқа беріп, қудалаумен жүр. Өзіңіз әр сұхбатыңызда «Мен ұстаздарға қорған боламын» дейсіз. Сонда аталған мұғалімдерді неге, неліктен сотқа берді? Қудалау қашан, неден басталды?» – деді депутат министрге қарата.

Артынша Астана қаласындағы №90 гимназияның директоры болған Аятжан Ахметжанұлы туралы да сөз қозғады.

«Мен сізге тікелей қыркүйек айында оның білім ошағының лицензиясына, оны қорғауға қатысты сұрақ қойдым. Бүгінгі таңда арнайы тексеріс жүріп жатыр екен. Не үшін? Аятжан Ахметжанды қудалауды тоқтатыңыздар. Мұның артында Оқу-ағарту министрлігі тұрса, доғарыңыздар. Қытайдан бір қандасымыз келіп, ұлттық мектеп құрамын деп жүрсе, қолдауымыз керек. Қолдай алмадық екен, тым болмаса қудалауды тоқтатайық. Ол елдігімізге де, азаматтығымызға да, сізге де сын», – дейді Жұлдыз Сүлейменова.