Мамандар шаштың түсуіне күйзеліс те әсер ететінін жасырмайды.
Шаш неге түседі?
Фото: pexels.com
7,184
оқылды

Шаш өмір бойы жаңарып отырады. Сондықтан оның түсуі қалыпты жағдай. Мамандардың айтуынша, күнделікті 80-150 шаш түседі. Ал бұл мөлшерден көп түссе, не істеу керек? Әрине, мұндайда трихолог дәрігерге қаралған жөн. 

Адамның терісі сияқты шаш та ішкі ағзадағы аурулар мен өзгерістерді білдіреді. Сондықтан оның көп түсуінің өзіндік себебі болуы мүмкін. Осы орайда Ясин дәрігер әлеуметтік желіде шаш күтімі туралы кеңесін бөлісті. Маманның айтуынша, шаш көп жағдайда мына себептерге байланысты түседі: Д дәруменінің жетіспеушілі мен шаш бояуындағы зиянды химикаттар, химиялық препараттарды көп мөлшерде пайдалану, гормондар мен эндокриндік жүйенің бұзылуы, қан аздығы мен темір жетіспеушілігі, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы, бауырдың сүзіп алған дәрумендерді шашқа жеткізе алмауы және тері аурулары.

Мамандар шаштың түсуіне күйзеліс те әсер ететінін жасырмайды. Мазасыз күй кешіп, күйзеліс көбейгенде шаш көп түсе бастайды екен. 

Шаштың неден түсіп жатқанын білу үшін дәрігерге қаралу керек. Маман шашты компьютерге түсіріп, түсу себебін анықтайды.

Мамандар шаш түсуінің алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.