Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды.
Астанада су тасқынына қарсы шаралар қалай жүріп жатыр?
676
оқылды

Елорда әкімі қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Астанада жыл басынан бері 15,5 мың метрге жуық арық-науа желісі, 600-ге жуық бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы тазартылып, 160 метр коллектор жуылған. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер шамамен 4,3 млн текше метр қар шығарды.

- Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қарды уақытылы күреуді бақылауға алуды, су өткізгіш құбырларды тазалауды, нөсер кәрізінің жүйесін салуға ерекше назар аударуды тапсырдым, - деді қала әкімі.