Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Самара-Шымкент» тасжолында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты
Фото: Kazinform
596
оқылды

Қызылорда облысында автокөлік «Самара-Шымкент» тасжолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.