Кәсіпорын қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, қарапайым жүк көлігін пайдаланған. 
Қостанай облысында қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасы анықталды
Фото: gov.kz
924
оқылды

Қостанай облысында Табиғат қорғау прокурорлары қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасының қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Талдау барысында «А» ЖШС қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және жою бойынша мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылғаны анықталды. 

«ЖШС-нің қалдықтарды жою нысаны Астана қаласының маңында орналасқандықтан, жосықсыз мердігер оларды заңда көзделгендей әр 3 күн сайын жою нысанына апарудың орнына, Қостанай қаласында заңсыз сақтай бастаған. Қауіпті қалдықтардың жинақталуы қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай жүзеге асырылған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымша бойынша жалға алынған қарапайым жүк көлігін пайдаланған. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.