Танымал әнші Роза Рымбаева алаяқтардың құрбаны болып, қомақты ақшадан айырылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Аталмыш іс өндіріске қабылданып, негізгі сот талқылауы 2024 жылғы 9 қаңтарға тағайындалды.
Мәліметтерге сүйенсек, алаяқтық бойынша іс-әрекет 2013 жылы басталған. Сол жылы жұмыссыз қалған С. Беккайров өзінің алыс танысы Д. Тұрлыхановты жоқ инвестициялық жобаға қаражат салуға алдап сендірген. Инвестор оған 1 200 000 долларды сеніп тапсырған.
Ал 2017 жылы Беккайров таныстары арқылы әнші Роза Рымбаеваның пәтерін сататынын біліп, оны өзіне сатуға көндіреді. Және ақшаны кейінірек беруге келіседі.
"Кездесу барысында Беккайров Рымбаеваға 195 мың доллар берген. Ал пәтердің қалған 69 427 350 теңгесі мүлдем қайтарылмаған", – делінген сот материалында.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша 2024 жылғы 9 қаңтарда бірінші сот отырысы өткізілген. Келесі сот отырысының күні әлі белгісіз.
Ал сотталушының адвокаты Қазақстаннан тыс жерде екенін айтып және соттан онсыз сот отырысын өткізбеуді талап етіп отыр.