Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жолдады.
"Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын": бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы үндеу жолдады
Фото: әлеуметтік желіден
2,705
оқылды

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жолдады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін",  - деді ол. 

Сондай-ақ, ол анасының табылатынын шын жүрегімен сезетінін айтты.

"Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді. Менімен жасты ұлдары бар аналар ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Жаңалық болса айтып отырамын", - деді ол.