Динара Закиева Instagram парақшасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалуы мүмкін деген мағынада алаңдаушылық танытып, жазба қалдырды.
"Бишімбаевты ақтауға кейбір адамдар кірісіп кетті": Динара Зәкиева мәлімдеме жасады
Фото: votrebeausite.com
2,700
оқылды

Жақында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы істің соты басталады. Алматыда өлтірілген 4 жасар баланың соты жүріп жатыр. Ақпан айының ортасында Алматы облысындағы 3 жасар егіздер мен олардың үлкен әпкесін зорлау ісі бойынша сот басталады. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалуы мүмкін деген мағынада алаңдаушылық танытып, жазба қалдырды. 

«Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету, жақындарының қолынан қаза табу секілді көпшілікті дүрліктірген осындай сұмдық оқиғалар қоғамдағы үлкен мәселенің жарасын ашып отыр», – дейді жазбасында Динара Закиева.

Күн сайын қылмыс туралы хабарламалар алып, балалар мен әйелдердің басынан өткерген әділетсіздік пен азапты көріп, әлі күнге дейін белгісіз себептермен, көнетінін сондай-ақ адамгершілікке жатпайтын көзқарастардың салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылықты ақтауға болатынына сенетін адамдар бар екеніне көзі жеткенін жазады.

«Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалатыны туралы ақпарат бар. Кей адамдар бұл медиа науқанға кірісіп кетті. Бұған адамдардың қалай қатыса алатынын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіну мүмкін емес. Аталған іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін еместігі туралы нақты сигнал болуы тиіс», – дейді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Оның пікірінше, кез келген зорлық-зомбылық үшін жаза жеңілдіксіз, заңды және ең ауыр болуы керек.

«Әлбетте, зорлық-зомбылықпен күресте қатаң заң керек. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес біз депутаттар, мемлекеттік органдармен бірлесіп қыркүйек айының басында заң жобасын әзірледік, ол қазір Мәжіліс қарауына берілді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің басты факторы қоғамда «заңдылық пен құқық тәртібі» қағидатын сақтай отырып, агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділік» дамыту болуы керектігін атап өтті. Ал бұл бізге байланысты. Азаматша, әйел және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде мен сот барысын жіті қадағалайтын боламын. Қоғам ретінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың әрбір жағдайында әділдік іздеуіміз керек», – деп жазды Динара Закиева.