13-14 ақпанда фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандар 13-14 ақпан күндері жолға шықпау керек екенін ескертті
3,780
оқылды

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. 

Ал, 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұраймыз. 

Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді.