Спорт саңлақтарына құрмет көрсетілді
Спорт саңлақтарына құрмет көрсетілді
515
оқылды
Жетісу спортының жарқын жетістіктері бүгінде сәл-пәл көмескі тартқандай. Олимпиада жылында Токиоға жолдама алғандар санымен мақтана алмайтындаймыз. Кезінде бір Олимпиадада бірнеше спортшы жеңіске жетіп, жүлдегер атанып, айды аспанға шығарған Алматы облысының спорт саласында биылғы жазда өтетін дүниежүзілік додаға жол ашатын 6 жолдама ғана барлығы алаңдатады. Оған Алматы облысы әкімі­нің спорт саласы үздіктерін мара­пат­тауы барысында көз жеткізе түстік. Бұл жолы құрметке ие бол­ғандар арасында XXXII жазғы Олим­пиада ойындарына жолдама ал­ғандар, өткен жылғы Әлем және Азия чемпионаттарының жүл­­дегерлері, білікті жаттық­ты­­рушылар мен спорт саласын жаза­тын журналистер болды. Осы­лардың ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаттарында топ жар­ған Алматы қаласындағы Ал­ма­ты облыстық №1 балалар үйі тәрбиеленушілерінің жеңістері облыс әкімінің айрықша разы­лы­ғына ие болды. Салтанат сарайында өткен сал­танатты шарада айтылғандай, 2019 жылы жетісулық спорт­шы­­­лар барлығы 2 537 медаль же­­ңіп алыпты. Оның ішінде 906­ ал­­тын, 709 күміс, 922 қола жүл­­де бар. Сонымен бірге 1 ең­­бек сіңірген спорт шебері, 34 ха­лықа­ралық дәрежедегі спорт шебері, 173 спорт шебе­рі, 998 спорт ше­бер­лігінен үміт­­­кер, 922 бірінші раз­ряд­ты спор­т­шы дайын­да­лып­ты. Жер­­­гі­­­лікті бюджеттен 108 үз­дік спорт­­шыға ай сайын шә­кір­т­а­қы төленсе, олардың ішін­де 28 мүмкіндігі шектеулі спортшы бар. Алдағы Токио Олим­пиадасына садақшылар Сан­жар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, жеңіл атлет­ші Айман Ратова, балуан Асхат Діл­мұхамедов және садақ ату бо­йын­ша бір командалық жолда­ма жеңіп алынған.  width= – Былтыр Қарасай ауданы Ша­­малған ауылында «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Кеген ауданы Кеген ауы­лында «Нұр-Аман» денешы­нық­тыру-сауықтыру кешені ашыл­ды. Райымбек ауданының ор­талығы Нарынқол ауылында спорт кешені салынуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ая­сын­­да Ескелді, Балқаш, Көксу, Ұй­ғыр аудандарында дене­шы­­нық­тыру-сауықтыру кешен­де­­рінің құ­рылысы басталды. Ал­маты об­­лысында 2021 жылға де­йін осын­­­дай 20 спорттық ке­шен пай­­далануға беріледі, – де­ген об­лыс басшысы Талды­қор­ған қала­с­ында әлем­дік стан­­дартқа сай олим­пи­а­далық үлгі­дегі жа­бық жүзу бассейні салы­нып жат­қа­нын еске салды. Өңір­дегі спорт саласының бү­гін­гі бағыт-бағдары, қолдау ша­ра­лары жайлы қысқаша ай­тып өтті. «Жетісу» футбол клубы­ның жылды 5-орынмен аяқта­ға­­нын, волейболдан «Жетісу» әйел­­дер командасының жеңіс­те­­ріне, көгалдағы хоккей, қол до­­­бын­д­ағы жетістіктерге тоқ­тал­­­­д­ы. Алматы қаласындағы Ал­маты облыстық №1 балалар үйі тәрбиеленушілерінің тамаша жеңістерін айрықша атап өтті. Спортшыларымыздың Токиода ХХХІІ жазғы Олимпиада ойын­­да­­рында да жерге қарат­пай­ты­ны­­на сенім білдірді. Спорттық жыл қорытындысында «Жылдың ең үздік спорт мекемесі» атанған Тал­дықорған қаласының дене­­шынықтыру және спорт бөлі­міне, №1 мамандандырылған ба­­­ла­­лар мен жасөспірімдер спорт мек­­­тебіне және федерациялар ара­­­­сында үздік деп танылған Ал­­­ма­ты облысының волейбол фе­­­дерациясына облыс әкімінің дип­­ломы мен 500 мың теңгенің ақ­­шалай сертификаты тапсырыл­ды. Халықаралық жарыстарда жо­ға­ры нәтижелерге қол жеткіз­ген спортшылар мен олардың жат­­тық­тырушылары, спорт тақы­ры­бын насихаттаушы БАҚ өкіл­дері ақшалай сыйлық серти­фи­каты­мен марапатталды.   Болат АБАҒАН, Алматы облысы